Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ер адам мүгедектігі бар азаматтың ұялы телефонын ұрлап кетті

Жарияланған күні:

Мүгедектігі бар адам
Мүгедектігі бар адам. Көрнекі сурет: pexels.com / SHVETS production

Қарағанды ​​облысында ер адам мүгедектігі бар азаматтың ұялы телефонын ұрлап кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

57 жастағы әйел Приозерск қаласының полиция бөліміне келіп, белгісіз біреу I топтағы мүгедектігі бар 33 жастағы азаматтың телефонын ұрлап кеткенін айтып, шағымданған. Тұрғынның сөзінше, телефонның құны 8000 теңге.

Медиа-порталдың мәліметінше, әйел ұлын мүгедектер арбасына мінгізіп, көпқабатты үйдің ауласына апарып, біраз уақытқа кетіп қалғаны белгілі болды. Ер адамның анасы қайтып келген кезде белгісіз біреу оның телефонын ұрлап кеткенін байқаған. Ер азаматтың анасының сөзінше, ұры баласының сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастады.

Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 34 жастағы күдіктіні ұстаған. Ұсталған күдікті өз кінәсін мойындап, ұрланған телефон шағымданушы тарапқа қайтарылды.

Қазір Қылмыстық кодекстің 188 бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022810-qaragandy-oblysynda-er-adam-mugedektigi-bar-azamattyn-uyaly-telefonyn-urlap-ketti/