Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте түлектердің мектеп бітіру шараларына арнайы рейд жүргізіледі

Опубликовано:

Мектеп бітіріп жатқан түлектер
Соңғы қоңырау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент қалалық білім басқармасы бұған дейін мектеп бітірушілерге қатысты салтанатты және басқа да кештер тек мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс деп хабарлаған. Осыған байланысты 31 мамыр және 1 маусым күндері Шымкент қалалық полиция департаментімен бірге арнайы рейдтер жүргізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қалалық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство тарапынан мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құзыретті органдарға ұсыныстар мен талаптар жолданған.

"31 мамыр күні де, 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні де Шымкент қалалық полиция департаментімен бірге арнайы рейдтер жүргізілетін болады. Мектеп бітіруші түлектердің аталған күндері және мектеп бітіру шараларында қандай да бір бұзушылықтар анықталса, заңда көрсетілгендей айыппұл салынатын болады,”- деп мәлімдеді Шымкент қалалық білім басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Ұлбосын Есдәулетова.

Осыған дейін Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева соңғы қоңырау шарасын мектеп бітіру кешімен қоса атап өтуді ұсынған еді.

"Биылғы оқу жылы 31-мамыр аяқталады. Ол саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнімен тұспа тұс келіп тұр.

Қаншама боздақтарды еске алып, осы бейбіт өмірімізге шүкіршілік ететін күн. Сол күні мектептерде оқушыларға түрлі деңгейде патриоттық тәрбие сағаттарын өтіп, ал 1 маусым "Балаларды қорғау" күні жалпы тәрбиелік іс-шаралар мектеп қабырғаларында балалар үшін ұйымдастырылмақ", - дейді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Сондай-ақ ол мектеп бітірушілер үшін оқушылар емтихандарын аяқтаған соң аттестаттарын қолдарына құрметпен ұсына отырып, мектеп бітіру кешін өткізген дұрыс деп санайтынын атап өтті.

"Басқарма басшысы болғандықтан көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. 31 мамыр соңғы қоңырау деп жалдамалы қымбат көліктерге, аспанға адамдарды алып ұшатын шарларға , ақылы вертолеттерге тіпті котедждерге дейін тапсырыс беріп қойған ата-аналар кездесуде. Оны қалай түсінуге болады? Барлығы баламыздың көңілі үшін дейді. Ол қандай көңіл? Ал бала қауіпсіздігіне кім жауап береді? Апат айтып келмейді", - дейді басқарма басшысы.

Автор: Жанар Пердешқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022811-symkentte-tulekterdin-mektep-bitiru-saralaryna-arnaiy-reid-zurgiziledi/

pixel