Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерғазы Жолдасов елорда әуежайының төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Ерғазы Жолдасов тағайындалды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы бұйрығымен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне Ерғазы Жолдасов тағайындалды", - делінген Азаматтық авиация комитетінің баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма Төрағасы басқарма төрағасы Дәулет Хамзин болған. Ол төраға қызметін 2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінге дейін атқарды. Дәулет Хамзин бұл қызметке дейін әуежай басқармасы төрағасының орынбасары болған.

Айта кетейік, министрлер кабинетінің отырысында азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту шаралары қаралған еді. Шарада премьер-министр Әлихан Смайылов әуе билеттерінің бағасы мен отандық әуе компанияларының жұмысына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022832-ergazy-zoldasov-elorda-auezaiynyn-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel