Ресейдегі архивтен Мағжан Жұмабаев туралы құнды құжат табылды
Жарияланған күні:
Солтүстікқазақстандық тарихшылардың қолына ақын Мағжан Жұмабаевтың аудармашы болып қызмет атқарғанын растайтын құнды құжат тиді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Телеарнаның хабарлауынша, мамандар құжатты жуырда ғана Ресей мемлекеттік архивіне сұрау салып, алдыртқан.
Құжат бүгін Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға, сондай-ақ Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орайластырылған шарада көпшілік назарына ұсынылған.
"Бір айдай ғана уақыт болды, Ресей мемлекеттік архивінен алынған құжат. 1923-1927 жылдары Мәскеуде болған кезеңінде сол әдебиет және өнер институтында оқып ғана қоймай, қызметте жүргізген.
Лениннің ақпаннан қазанға дейін еңбегін, Максим Горькийдің "Буревестнике" өлеңін, Всеволод Ивановтың шығармаларын аударды. Яғни, аудармашы ретінде қызмет жасағанын дәлелдейтін құжатқа куә болып отырмыз", - дейді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.
Тарихшылардың айтуынша, Мағжан Жұмабаевқа қатысты әлі де зерттелмеген деректер көп.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022859-reseidegi-arxivten-magzan-zumabaev-turaly-qundy-quzat-tabyldy/