Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да судьяның көлігі өртеніп кетті

Опубликовано:

Өртеніп жатқан көлік
Өртеніп жатқан көлік. Көрнекі фото: Yassine Gaidi/Anadolu Agency via Getty Images

Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауылында кеше белгісіз біреулер учаскелік судьяның көлігін өртеп жіберген. Төтенше жағдайға қатысты ТЖД және полиция пікір білдірді, деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басылымға хабарлауынша, 31 мамыр таңғы сағат 5:06-да Жаңақала ауылында "Тойота Камри" көлігі өртеніп кеткен.

"Көліктің артқы капоты, бампері және артқы шамдары жанған. Автокөлік газ құрылғысымен жабдықталмаған, өрт сөндіргіш пайдаланылмаған. Өрт сөндірушілер келгенше өрт сөндірілген. Көлік ресейлік тіркеуде болған", - дейді полиция өкілдері.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі өртті белгісіз біреу қойғанын, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 202 бабы 2-бөлігі "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Аталған бап бойынша 2000 АЕК (6,9 миллион теңге) дейін айыппұл салу, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - деді облыстық полиция департаментінен.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер көліктің маңынан бензин құйылған пластик бөтелке мен қамыс тапқан.

Судья Ілияс Іргебаевтың өзі де көлігінің өртенуіне қатысты пікір білдірген.

"Қазір бұл туралы ешқандай ақпарат бере алмаймын, өйткені менде барлық жүргізілген тергеу әрекеті туралы ақпарат жоқ. Екіншіден, ресми түрде ақпарат берілсе де, бұл біздің БҚО сотының баспасөз қызметі арқылы болады. Сондықтан сізге ештеңе айта алмаймын, мені түсінесіз деп үміттенемін, өртенген көлік - менің отбасылық көлігім", - деп түсіндірді судья.

Басылым Ілияс Іргебаевтың 2021 жылдың 27 ақпанында Жаңақала аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалғанын атап өтті. Судья әкімшілік және қылмыстық істерді де қарайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022880-bqo-da-sudyanyn-koligi-ortenip-ketti/

pixel