Тұрғындар шағымынан кейін Алматы полициясы Арбатта патрульді күшейітті
Жарияланған күні:
Арбатқа іргелес үй тұрғындарының жиі шағымдануынан кейін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Алматы қаласының полициясы профилактикалық іс-шараларды күшейтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, Арбаттағы жаяу жүргіншілер аймағы азаматтардың сүйікті демалыс орнына ғана емес, мопед жүргізушілердің де бас қосатын жеріне айналғанына біраз болған.
Алматы қалалық ПД жедел басқару орталығы бастығының орынбасары Данияр Тасубаевтың айтуынша, алайда олар әрбір жиналған сайын қоғамдық тәртіпті ғана емес, азаматтардың тыныштығын да бұзуда.
Сондықтан белгіленген аумақта жаяу патруль, іргелес аумақта автокөлік патрульдері күшейтілген.
"Мәселен, өткен түнде ғана полицияға Арбатта тыныштық бұзу бойынша бес дабыл келіп түсті. Мопед мінген 18 жүргізуші шара қолдану үшін полицияға жеткізілді. Олар ӘҚБтК-нің 437-бабы және ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", – дейді Данияр Тасубаев.
Полиция өкілінің мәліметінше, ал бес күнде Арбаттан тәртіп бұзған барлығы 63 мопед жүргізушісі Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022984-turgyndardyn-aryzynan-keiin-almaty-policiyasy-arbatta-patruldi-kuseiitti/