Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий суы қара түске боялды: Экология министрлігі оның себебін түсіндірді

Опубликовано:

Қара түске боялған Капсий теңізі
Қара түске боялған Капсий теңізі. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы Каспий жағалауында түсірілген видео пайда болды. Видеодан теңіз суының қара түске боялғанын байқауға болады. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Каспий суының қара түске боялғаны бейнеленген видео EGOV.PRESS Telegram-арнасында жарияланды. Пост авторлары бұл экологиялық апаттың белгісі болуы мүмкін деп топшылаған.

Назар аударыңыз: Видеода бейәдеп сөздер бар!

Видеоға қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі пікір білдірді.

"Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті Ақтау қаласының 4-шағын ауданының аумағындағы теңіздің қара түске боялу фактісіне қатысты мынаны хабарлайды: осы дерек бойынша департамент мамандары жағалауға барды.

Сараптау барысында теңіздің қара түске боялуына шіріген балдырлардың ыдырауы, сондай-ақ судың таяздану сияқты көпжылдық табиғи құбылыстарға байланысты теңіз түбінде лайдың жиналуы себеп болуы мүмкін екені анықталды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне.

Бұл ретте министрлік жағалауды лай мен басқа да лас заттардан тазарту бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.

"Аталған факті бойынша департамент тиісті мемлекеттік органдарға хат жолдады", – деп қосты министрліктің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022991-kaspii-suy-qara-tuske-boyaldy-ekologiya-ministrligi-onyn-sebebin-tusindirdi/

pixel