Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақшаны қалай жұмсап, қайда инвестиция жасау керек: Қаржы сауаттылығы бойынша қазақ тілінде кітап жарық көрді

Опубликовано:

кітаптар
Фото: Роман Либерчук

Балаларды қорғау күнінде сәбилерге арнап мереке ұйымдастыру, олардың көңіл-күйін көтеру дәстүрге айналған. Бірақ Jusan Bank өкілдері жағымды шараларға пайдалы дүниені қоса ұсынды - ойындар мен тәттілерден бөлек, балалардың болашаққа қадамын қаржы сауаттылығынан бастауға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі күні тек ересектер үшін маңызды деп саналатын ұғым өзгеше мәнге ие болуда. Себебі балаға кішкентайынан ақшаны дұрыс жұмсауды үйрету өзекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгінде ақшалай транзакциялар жасамайтын адам кемде кем. Есесіне еңбекпен тапқан ақшаны көбейтіп, қаржы дағдарысынан қалай айналып өтуге болады деген тақырыпта бас қатыратындар саны көп. Еліміздің кішкентай азаматтары да ақшаны дұрыс жұмсау дағдыларын меңгеруде, тіпті олардың банкте шоттары да бар. Сол себепті өсіп келе жатқан жас буынға осы тұрғыда өздеріне жақын интерактивті және ойын түріндегі білімді беру қажеттілігі туындап отыр.

1 маусымға қарай Jusan Bank қазақ тілінде қаржы сауаттылығы туралы балаларға арналған кітап шығарды. Рон Либердің The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who Are Financially Smart and Responsible деп аталатын әлемдік бестселлері «Тиыннан теңге құрайтын бала» деген атаумен қазақ тіліне аударылды.

балалар
Фото: Роман Либерчук

«Балалардың қаржылық жағынан сауатты болуы – ел болашағының кепілі. Балаларымыздың қаржыға деген көзқарасына Қазақстанның болашағы да, ел экономикасының даму бағыты да тәуелді. Біз қаржы инструменттері мен капиталына ұқыпты қарау туралы айта отырып, қаржы сауаттылығы туралы білім алу мүмкіндігін балаларымен қоса ересектерге де ұсынып отырмыз», - дейді Jusan Invest басқарма төрағасы Максим Кабанов.

Максим Кабанов
Фото: Роман Либерчук

Айта кету керек, The New York Times нұсқасы бойынша балалардың қаржы сауаттылығы туралы бестселлер кітап қазақ тіліне алғаш аударылып отыр. Кітапты аудару туралы бастама көтерген азаматтардың айтуынша, қазақ тілінің аясын кеңейту жеке қаржыны басқару туралы сапалы ақпараттың қазақ тілінде қолжетімді болуынан басталуы керек. Кітап балаларға ғана емес, ата-аналарына да пайдалы, себебі баланы тәрбиелеу өзіңді тәрбиелеп, дұрыс үлгі көрсетуден басталатыны анық. Одан бөлек, кітапта инвестициялау ережелері, ақшаны сақтау және көбейту ережелері ғана емес, сондай-ақ қайырымдылыққа қатысудың маңызы туралы да айтылады.

Jusan Bank-тің басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосовтың сөзінше, Jusan тобының міндеттерінің бірі – Қазақстандағы адами капиталды дамыту. Ал бұл үшін болашақ ұрпаққа білім алуына инвестиция жасап, қаржылық сауаттылық тақырыбын насихаттай түсу қажет.

Нұрдәулет Айдосов
Фото: Роман Либерчук

«Біз бұл бағытта бұрыннан бері жұмыс істеп келеміз – еліміздің әр өңіріндегі 22 мектепте қаржы сауаттылығы бойынша пән енгіздік. Бұл жобаның осыған ұқсас басқа жобалардан өзгешелігі – біз мұны түсінікті тілде, интерактивті форматта жүзеге асырамыз. Бұдан бөлек пәндерді оқығаны үшін біз ынтасын арттыра түсу үшін балаларға сыйлық беріп отырдық.

Ақшаны қайда инвестициялаған дұрыс, ақшаны депозитке қай уақытта, құнды қағаздарға қай жағдайда салған жөн екенін айтамыз. Алаяқтық туралы айтып, оны қалай анықтауға болатынын көрсетеміз. Сонымен бірге криптовалюта секілді заманауи қаржылық құралдарды да назардан тыс қалдырмаймыз.

Тағы бір айта кетерлік жайт, банк қазір балалар мен ата-аналарға айрықша тосынсый – нарықтағы бірегей өнім Jusan Family картасын әзірлеуде. Бұл карта ата-аналарға балалардың шығынын тиімді әрі қауіпсіз бақылауда ұстауға мүмкіндік береді, ал балаларға жарқын дизайнға ие карталар мен керемет мотивациялық қызметтер ұсынады», - дейді Jusan Bank басшысы.

балалар
Фото: Роман Либерчук

Нұрдәулет Айдосовтың айтуынша, бүгінде ақпаратты мемлекеттік тілде ұсынған маңызды, себебі қаржылық сауаттылық саласында қазақ тіліндегі контент жоқтың қасы. Мұнымен қоса балалардың назарын аудару үшін мұны интерактивті және қызықты етіп ұсыну маңызды. Мәселен, банк Jusan Academy жобасы аясындағы қосымшасында тегін білім алуды ұсынып келе жатқанына да көп болды.

Кітаптың аудармасын жасау және шығару ісімен әлемдік бестселлерлердің тұтас сериясын қазақ тілінде шығарған The Steppe and World командасы айналысты. Басылым редакторы Назгүл Қожабек болса, ағылшын тілінен қазақ тіліне бес баланың анасы Динара Мәзен аударып шықты.

Кітаптың алғашқы шығарылымын 1 маусымға орай Алматыда Jusan Bank ұйымдастырған мереке қонақтары алды. Ойындар, квесттер, аниматорлар және құнды кітап түріндегі ең пайдалы сыйлық мерекелік іс-шараның маңызын арттырып, шырай бере түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023007-aqsany-qalai-zumsap-qaida-investiciya-zasau-kerek-qarzy-sauattylygy-boiynsa-qazaq-tilinde-kitap-zaryq-kordi/

pixel