Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 маусымнан бастап МӘМС бойынша консультация беретін байланыс нөмірі өзгерді

Опубликовано:

Баннерге қарап тұрған әйел
ХҚКО ғимаратының ішінде тұрған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ел тұрғындары бүгіннен бастап медициналық сақтандыру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, осыған дейін бірыңғай медициналық ақпараттық байланыс орталығы 1406 нөмірі бойынша жұмыс істеген. Ақпараттық байланыс орталығы 2019 жылдың қыркүйегінде іске қосылған.

2020 жылы 1406 коронавирусқа байланысты сенім телефоны болып жарияланған. Сонымен қатар осы жылдардың ішінде азаматтардан 2,4 млн-ға жуық өтініш қабылданып, өңделген. Олардың 90 пайыздан астамы консультативтік сипатта болған. Қорға көбінесе Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарының тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтар бойынша жиі жүгінеді екен.

"Күн сайын азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабардарлығы артып келеді. Адамдар өз құқықтарын зерделеп, қызығушылық таныта бастады және олар өз жағдайларын түсініп, келеңсіздіктерді шешуге көмектесуді сұрайды. Бүгінгі таңда өтініштер көбейіп келеді. Сол себепті азаматтарға кеңес беру қызметін 1414 бірыңғай байланыс орталығына беру туралы шешім қабылданды. Ол жерде операторлардың штаты кеңірек, сонымен қатар қоңыраулардың мол легін қабылдау үшін техникалық мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл абоненттердің жауап күту уақытын бірнеше минуттан бір минутқа дейін қысқартады", - деп түсіндірді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" заңды және жеке тұлғалармен жұмыс департаментінің директоры Забира Оразалиева.

Қор дерегінше, 1414 операторлары сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдап, оларға жауап береді.

Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023022-1-mausymnan-bastap-mams-zonindegi-konsultaciyalar-1414-arqyly-beriledi/

pixel