"100 млн теңгеге той жасадық": Астанада өткен ең қымбат той жайлы не білеміз
Жарияланған күні:
Салтанатты кештер мен той ұйымдастырушысы Гүлімай Санақова өзі өткізген ең қымбат той туралы айтты. Бұл туралы "Жаңа қадам" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мен біреудің ақшасын санай алмаймын. Сондықтан өзіміз жасайтын той туралы айтайын. Дубайда біз ең аз дегенде 25 миллион теңгеге той өткіземіз. 25 миллионға біз Дубайда 100 адамға той жасап береміз. Ал бес миллион - бұл мейрамханадағы орындардың бағасы. Қазақстандағы ең қымбат тапсырыс - 100 миллион теңге. 300 адамдық той. Астана қаласында өтті.
Бұл клиенттің талабына сәйкес кеткен ақша. Тапсырыс беруші тойына ресейлік әншілерді әкеліп беріңдер деуі мүмкін. "Менің тойыма он әртіс керек; Маған біреуінің түрі ұнамайды; Осыған сәйкес қызыл көйлек болуы керек; Менің қызым жасыл көйлек киеді", - дегендей өз талабын айтады", - делі Гүлімай Санақова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023107-100-mln-tengege-toi-zasadyq-astanada-otken-en-qymbat-toi-zaily-ne-bilemiz/