Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерте тұрып, 30 шақырымдай жүгіремін": 85 жастағы қызылордалық желаяқ құпиясын бөлісті

Опубликовано:

Аққоян Рсалиев
Аққоян Рсалиев. Видеодан кадр: youtube.com/@tansholpantv

18 жыл бойы марафондарға қатысып, оның төртеуінде бірінші орын алған қызыордалық 85 жастағы желаяқ Аққоян Рсалиев биыл да бірнеше додаға қатысуды жаспарлап отыр. Бұл туралы ол Qazaqstan ұлттық арнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасында айтып берді.

Бағдарламадан белгілі болғандай, 85 жастағы Аққоян Рсалиев жақында Алматыда өткен дәстүрлі жалпыхалықтық марафоннан жүлделі оралған.

Оның айтуынша, жүгіруге деген қызығушылық мектеп кезінен басталған. Желаяқ күнделікті жаттығуды тұрақты дағдыға айналдыру керегін атап өтті.

"Ерте тұрып, 30 шақырымға дейін жүріп, жүгіріп қайтам. 3 айналым жасаймын. Кейін стадионға келіп гимнастика жасаймын, шаршамау үшін өзімнің дистанциямды ұстаймын. Сағатқа қарап отырамын. 18 жыл марафонға қатыстым. Оның төртеуінде бірінші орын алдым. Қалғандары - екінші, үшінші орындар", - дейді 85 жастағы желаяқ.

Аққоян Рсаливетің айтуынша, оған шетелден де жүгіру жарыстарына қатысуға шақыртулар келеді. Мәселен, Түркияның Анталья қаласында өткен халықаралық турнирге қатысып, алтын алған. Бүгінде марафоншы жастарға білгенін бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып отырады екен.

"Осы стадионның көркін ашатын Аққоян ағай. Кейде кешкі, күндізгі уақытта Аққоян ағамен бірге жаттығамыз. Жүгірген кезде қандай жылдамдықпен жүгіру керек? Қандай жылдамдықты сақтау керек? Осындай нәрселерге қатысты ақылын айтып отырады", - дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Айдос Мейірімхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023128-erte-turyp-30-saqyrymdai-zugiremin-85-zastagy-qyzylordalyq-zelayaq-qupiyasyn-bolisti/