Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат: Әлеуметтік төлемдер халық үшін екінші орындағы табыс көзіне айналған

Опубликовано:

42500 әлеуметтік төлем
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемдер халық үшін екінші орындағы табыс көзіне айналған. Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев Amanat партиясы фракциясының халық табысын арттыру бағдарламасы талқыланған жиында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, депутат табыстың төмен болуы себепті халықтың кірісінің 23 пайызы әлеуметтік төлемдерге тиесілі екенін айтқан.

"Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген қазақстандықтар туралы айтсақ, олардың саны 2 млн адамнан асады. Бұлардың шамамен үштен екі бөлігі немесе 65 пайызы жұмысы бар кедейлерге жатады. Өйткені айлықтары 100 мың теңгеден төмен. Мұндай адамдардың 62 пайызы ауылда жұмыс істейді. Салық режимі сараланып белгіленетіндіктен оларды кедей деуге келмейді.

Бірақ бұлай қалдыруға болмайды. Табыстың төмен болуынан халық үшін әлеуметтік төлемдер екінші орындағы табыс көзіне айналды. Қазірдің өзінде халық кірісінің 23 пайызы әлеуметтік төлемдерге тиесілі.

2015 жылдан бері бұл динамика ушығып келеді. Ол кезде 178 пайыз еді. Дамыған елдерді қарасақ, оларда әлеуметтік төлемдер халық табысының 10-15 пайызынан аспайды", – деді депутат.

Мәди Тәкиев Қазақстандағы кедейлік деңгейі 16 пайызға жеткені туралы дерек келтірді.

"Табыс аз болғандықтан, инфляция асқынғандықтан қазақстандықтардың 50 пайызы табысын түгел азық-түлікке жұмсап жүр. Басқа шығындарға жұмсайтын ақшасы жоқ. Одан кейін өңірлерде деректердің теңгерімсізігін көріп отырмыз.

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша Қазақстандағы кедейлік деңгейі 16 пайызға жеткен", – деді мәжіліс депутаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023137-deputat-aleumettik-tolemder-xalyq-usin-ekinsi-oryndagy-tabys-kozine-ainalgan/

pixel