Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысы: су тапшылығының алдын алу мақсатында 22 канал тазаланды

Жарияланған күні:

су арнасын тазалау
Фото: Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Қызылорда облысы үшін өте өзекті мәселенің бірі – су тапшылығын төмендету болғандықтан, осы бағытта биыл қаңтар айынан бастап біршама жұмыс атқарылған болатын.

Нақтырақ айтсақ, аймақ басшысының қолдауымен былтыр облыстық бюджеттен су шаруашылығына 919 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде, 167,3 шақырым болатын 22 каналға тазалау жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерге 23 насос қондырғылары берілді, 9 дана жобалау сметалық құжаттама әзірленді.

Бұдан бөлек, облыстың су тапшылығын төмендету мақсатында үкіметтің қолдауымен резервтен 3,6 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 230,1 шақырым 21 канал тазаланып, 133 дана насос алынып, 52 ұңғыма бұрғыланды.

жұмысшылар балықты тазартады
Фото: Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

"Соңғы уақытта аймақта орын алған су тапшылығына байланысты Мемлекет басшысы Сырдарияның жоғары ағысындағы мемлекеттермен келіссөз жүргізіп, тиісті көлемде су бөлінуіне жағдай жасады. Сондай-ақ "Жасыл Қазақстан" Ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға қарай 16 магистралды және шаруашылық каналдарды цифрландыру жоспарланса, оның 5-іне қазіргі таңда "Қазсушар" РМК Қызылорда филиалымен 6,5 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Айта кететін жайт, суды тиімді пайдалану мақсатында Австралияның "Rubicon Global" компаниясымен аймақтың суландыру жүйелерін цифрландыру бағытында ұсынымдар әзірлеу үшін меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі таңда аймақтағы егілетін егістің 70 пайызын суландыратын Қызылорда сол жаға магистральды каналы бойына цифрландыру жобасын жүргізу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде магистарльды каналдың жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныстарын беруде. Сонымен қатар, бүгінгі күні Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне 2 дана электрлі насос қондырғысы жеткізіліп, 19 каналдың жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді", - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев.

Қызылорда облысы өзінің күрішімен ғана белгілі емес, Арал балығымен де танымал. Бүгінде балық шаруашылығының дамуында жаңа серпін бар. Мәселен, өткен жылы 8 889,7 тоннабалық ауланды. Мұнан өзге, 3 575,7 тоннабалық 12 шетмемлекетке экспортталды.

жұмысшылар балықты тазартады
Фото: Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Бүгінгі таңда, облыс бойынша 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс істеуде. Оның 4-де "Еврокод" Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар. Бұл зауыттарда 10-нан астам балық өнімдерінің түрлері экспортталады.

Қызылорда облысында "Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы" аясында бүгінгі күні 1 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы, 6 тоған шарушылығы толығымен іске қосылды. Көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны 71-ге жетіп, 2022 жылға облыс бойынша 409 тонна тауарлы балық өсіру көзделсе, тауарлы балық өсіру көлемі 526,4 тоннаға жіткізіп, 117,4 тоннаға артығымен орындалды.

Сонымен қатар, 6 шарбақтық шаруашылықтарды құру мақсатында Қамбаш су айдынының учаскелеріне биологиялық негіздеме әзірленіп паспорт жасалды.

"Бүгінгі күнге дейін облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30 пайызын субсидиялауға 8,4 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Арал қаяз балығы санын қалпына келтіру жобасы аясында 10 мың дана қаяз балығының шабақтары жиналып, Сырдария өзенімен балық шаруашылығына маңызы бар көлдерге жіберілді", - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023151-qyzylorda-oblysy-su-tapsylygynyn-aldyn-alu-maqsatynda-22-kanal-tazalandy/