Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ӨзенМұнайГаз" бас директорының орынбасары ұсталды

Опубликовано:

Бауыржан Мамбетсапаев
Бауыржан Мамбетсапаев. Фото: ozen.kz

"Өзен Мұнай Газ" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев ұсталды. Ол өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хабарлауынша, Мамбетсапаев өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар танысын "Өзен Мұнай Газ" АҚ-на заңсыз кіргізген деген күдікке ілінген.

Ал компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғыны кезекке тіркелген.

"Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағандарын, тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтіндігін және жұмысқа мүлдем келмегендерін Бауыржан Мамбетсапаевтың анық білгендігі тергеу барысында анықталды.

Бауыржан Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан", – делінген хабарламада.

Ведомство Бауыржан Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғаларының және мердігер мекемелердің бюджеттік қаражаттарды жымқыру фактілері тексеріліп жатқанын хабарлады.

Тергеу жұмыстары әлі жалғасуда. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесінде жариялануға жатпайтындығы айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023165-ozen-munai-gaz-bas-direktorynyn-orynbasary-ustaldy/