Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылжарда орталық саябақтағы аттракцион істен шығып, бірнеше бала жарақат алды

Опубликовано:

Қызылжар аттракцион
Қызылжар аттракцион. Фото: "Астана" арнасы

Қызылжарда аттракцион істен шығып, бірнеше бала жарақат алды. Балаларды қорғау мерекесі күні үздіксіз жүрген қырықбуын атты аттракцион кенеттен тоқтап, үстіндегі бес жолаушының бет-аузы зақымдалған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Арна мәліметінше, балаларды қорғау мерекесіне орай орталық саябаққа жаппай ағылған жұртқа кейбір қондырғылар шыдас бермеген.

Сонымен қатар "Астана" арнасының мәліметінше, аталған қондырғы 2007 жылы орнатылған. Тынығу орнының өкілдері темір құрылғының жыл сайын техникалық сараптаудан өтетінін хабарлады.

"Бізге ертең Астанадан тәуелсіз сарапшылар келіп, аттракционның жағдайын тексереді. Табан астынан неге тоқтағанын анықтайды. Жалпы бұл қондырғылар ескі емес. Маусым сайын біз оларды тексерістен өткіземіз", - деді "Аттракцион әлемі" ЖШС директоры Александр Козлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023216-qyzylzarda-ortalyq-sayabaqtagy-attrakcion-isten-sygyp-birnese-bala-zaraqat-aldy/