Полиция "Алтын Орда" базарындағы ұстау операциясына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Полиция қызметкерлері "Алтын орда" базары басшының ұсталғаны жайлы желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы Polisia.kz ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпарат Telegram-дағы Egov.Press арнасында пайда болды. Жариялымда BMW көлігімен жүрген "Алтын орда" базары басшысының ұсталғаны жайлы айтылған.
Желіде тараған ақпаратқа қатысты жауап берген полицияның мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек автожолында BMW автокөлігін тоқтатқан.
"Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді. Қазір сот-химиялық сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған деректер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та 2 маусымда "Алтын орда" базарында ұстау операциясы жүргізілгенін, ұсталғандар арасында "Алтын Орда" базары директорының орынбасары бар екені туралы ақпарат тараған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023243-policiya-altyn-orda-bazary-direktory-orynbasarynyn-ustaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/