БАҚ "Алтын орда" базарындағы ұстау операциясы жайлы хабарлады (видео)
Жарияланған күні:
БАҚ-та Алматы маңындағы "Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғаны жайлы ақпарат пайда болды. Желіде оқиға орнынан кадрлар тарады.
Полицейлерге сілтеме жасаған "Пятый регион" тілшілерінің мәліметінше, ұстау операциясы кеше, 2 маусымда жүргізілген.
"Полицияның хабарлауынша, Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне BMW маркалы көлігіндегі қарулы адамдар туралы ақпарат келіп түскен. Ұсталғандар арасында "Алтын Орда" әмбебап базары директорының орынбасары да бар", - деп жазады басылым.
Сондай-ақ басылым полиция аталмыш факті бойынша "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлағанын атап өтті.
Сонымен қатар басылым базардың баспасөз қызметі ұсталған күзетшілердің қару ұстауға барлық рұқсат құжаты бар екенін мәлім еткенін жазды.
Оқиға орнынан түсірілген видео.
Айта кетейік, бұған дейін үкімет басшысы Әлихан Смайылов "Алтын Орда" базарының қызметін ретке келтіру және бағаны қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру керектігін айтқан еді.
Сондай-ақ премьер-министр оның аумағында барлық заң бұзушылық толығымен жойылғанға дейін прокуратура, ішкі істер органдары, БҚДА, ҚМА және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құралған тұрақты мобильдік топ құру тапсырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023235-baq-altyn-orda-bazarynda-ustau-operaciyasy-zaily-xabarlady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.