Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысты: қаза тапқандар саны 288-ге жетті

Опубликовано:

пойыз
Оқиға орны. Фото: Abhishek Chinnappa / Getty Images

Үндістанның шығысында пойыздың қатысуымен болған апаттан қаза тапқандар саны 280-нен асты, деп хабарлайды DW.

Одиша штатындағы Баласоре қаласында болған апаттан 288 адам қаза тауып, кем дегенде 900 адам түрлі жарақат алған.

"Бұл өте ауыр қайғылы жағдай. Мен өз мансабымда мұндайды ешқашан көрген емеспін", - деді Одиша өрт сөндіру бөлімінің басшысы Судханшу Саранги.

Оның айтуынша, құтқарушылар тірі қалғандарды іздеу үшін қираған вагондар арқылы сағаттап жүрген.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди сенбі күні қайғылы оқиға болған жерге барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023283-undistanda-eki-poiyz-soqtygysty-qaza-tapqandar-sany-288-ge-zetti/