jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Таиланд жағажайында шомылған қазақстандық жансақтау бөлімінде жатыр

жағажай11
Көрнекі фото: pixabay.com

Таиландта демалып жүрген қазақстандық суға батып кете жаздаған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жағдайға қатысты Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бірнеше күн бұрын Phuket News порталы 24 жастағы қазақстандық Артур Ысқақовтың Ката жағажайында қайтыс болғанын хабарлады. Онда жас жігіттің 1 маусымда ес-түссіз күйде судан шығарылғаны айтылған.

Бүгін Артур Ысқақовтың әпкесі Instagram желісінде бауырының тірі екенін айтып, жазба қалдырды. Оның сөзінше, інісінің жағдайы ауыр. Артур келеңсіз жағдай орын алған күні Таиландтағы жағажайда қалыңдығымен демалып жатқан.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, отандық азаматтың комада жатқанын жеткізді.

"Біздің отандасымыздың жағдайы өте ауыр, ол комада жатыр. Таиланд билігінің ескертпесі мен тыйымына қарамастан ол рұқсат етілмеген аймақта шомылған. Соңғы күндері Пхукетте толқындар көтеріліп, жағаға қызыл жалаулау ілінуде.

Құтқарушылар оған жасанды тыныс жасап, дәрігерлерге тапсырды. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем алуда.

Отандық азаматты Таиландтан Қазақстанға санавиация ұшағымен тасымалдау үшін қазақстандық дәрігерлер консилиумының қорытындысы қажет. Ол тай дәрігерлерінің медициналық шешімі негізінде жасалмақ.

Қазіргі кезде консул бұл мәселемен айналысуда. Қазақстандықтың ата-анасы Пхукетке ұшып келіп, дипломаттармен бірге дәрігерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр.", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Осы орайда министрлік Таиландта демалып жатқан қазақстандықтарға үндеу жасап, жергілікті билік органдарының ережелері мен талаптарын сақтауға шақырды.

"Өкінішке қарай, бұл соңғы аптада отандастарымызбен болған Таиландтағы екінші оқиға", - деді министрлік.

Таиланд жағажайында шомылған қазақстандық жансақтау бөлімінде жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.