Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысты

Опубликовано:

Астанадағы жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: Іnstagram.com/astana.dorogi

Астанада көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, автобусқа соғылды. Оқиға салдарынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі astana.dorogi аккаунтында жарияланды.

Видеода – автобус, ал оның жанында – жеңіл көлік. Соқтығыс салдарынан екі көліктің де алдыңғы жағы зақымданған. Адамдар жиналып қалған.

Хабарламада жол апатының Жұмабаев көшесінде болғаны, оқиға орнына бірден 5 жедел жәрдем көлігі келгені айтылған.

Елордалық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бірнеше адамның жараланғанын хабарлады.

"4 маусым күні сағат 15:33-те М.Жұмабаев көшесімен келе жатқан Nissan көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, маршруттық автобуспен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Nissan көлігіндегі зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді.

Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Астана полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023313-astanada-zenil-kolik-qarsy-zolaqqa-sygyp-ketip-avtobuspen-soqtygysty/