Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2029 жылға дейін Қазақстанда 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда

Опубликовано:

пәтер1
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз ету шаралары қаралды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсында хабарлады.

Премьер-министр Тоқаев 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу туралы міндет қойғанын айтты. Атап айтқанда, өткен жылы 130 мыңнан астам отбасы баспана жағдайын жақсарта алды.

"Бұл ретте, жоспар асыра орындалған өңірлердің ішінде Астана, Алматы қалаларын және Алматы облысын атап өтуге болады. Өз кезегінде, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында жоспар орындалмай қалды", — деді Әлихан Смайылов.

️Ол биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Абай, Маңғыстау және Ұлытау облыстары жоспардан артта қалып келе жатқанын атап өтті.

"Баспанамен қамтамасыз ету мәселесінің әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін маңызы өте зор. Бұл еліміздің ірі қалаларында барынша өзекті болып отыр. Бүгінде 600 мыңнан астам отбасы тұрғын үйге мұқтаж жандардың есебінде тұр. Аталған мәселені біртіндеп, жүйелі түрде шешу керек. Бізде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде бірқатар бағыттар көзделген", — деді премьер-пинистр.

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Сондай-ақ Әлихан Смайылов кейінгі уақытта халықтың тарапынан құрылыс жұмыстарының сапасына және олардың ретсіз, бей-берекет салынуына, объектілердің уақтылы іске қосылмауына қатысты өте көп шағым түскенін айтты.

"Мәселен, Астанада "Будапешт" тұрғын үй кешенінің тұрғындары былтыр қыс басталардың алдында жылусыз қалды. Шымкентте осыдан бес жыл бұрын ғана мемлекеттік бағдарламамен салынған көппәтерлі тұрғын үйдің қабырғалары жарылып, лифтілер жиі істен шығады. Алматыда таулы жерлерде, суға жақын маңдарда және ерекше қорғалатын аумақтарда құрылыс салу кезінде заңнаманы бұзудың 150-ден астам фактісі анықталды", — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Қорытындылай келе, ол тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды іске қосу бойынша осы жылға арналған барлық жоспарлардың толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп, жоғарыда айтылған кемшіліктерді ескеру қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар премьер-министр бір ай мерзімде кезекте тұрғандар үшін үй бөле отырып, кешенді құрылыс салуды қаржыландыру механизмін іске қосу бойынша шаралар қабылдауды және 1 қыркүйекке дейін кезекте тұрғандардың тізімін белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан өзектендіруді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023358-aldagy-zeti-zylda-qazaqstanda-111-mln-sarsy-metr-turgyn-ui-salu-zosparlanuda/

pixel