Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ қызметкері шетелдік қызды қатты итеріп, құлатқан: алматылық полиция тергеуді бастады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Құлап қалған шетелдік қыз
Алматыда полицей шетелдік қызды итеріп құлатқан. Видеодан кадр: instagram.com/gazizaraimbek

Әлеуметтік желіде полиция қызметкері шетелдік қызды қатты итеріп, асфальтқа құлатқаны түсірілген видео таралуда. Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны журналист Ғазиза Райымбек Instagram парақшасында жариялады. Кадрларда ІІМ қызметкері қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік қызға дөрекілік танытып, қатты итеріп жібергені түсірілген.

Кейін полиция қызметкері өзі мінген көліктің есігін жауып, әрі қарай кете берген. Ашуланған қыз ағылшын тілінде өзіне адвокат талап еткен. Құлап қалған қызға қасында бірге жүргендер көмектесіп, басқа тәртіп сақшыларына шағымын айтқаны да видеоға түсіп қалған.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне осы жағдай бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс басталды. Полиция қызметкерінің әрекетіне дөрекілік танытқаны үшін департамент басшылығы қағида бойынша шара қолданады", - деді департаменттен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023386-iim-qyzmetkeri-seteldik-qyzdy-qatty-iterip-qulatqan-almatylyq-policiya-tergeudi-bastady/