Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда спорт мектебінің қызметкерлері миллиондаған қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Спорт мектебі
Спорт мектебі. Фото: Іnstagram.com/orken.tdk

Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Жетісу облысындағы "Өркен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Агенттік мәліметінше, тергеу барысында мекеме қызметкерлері 2015-2022 жылдары жұмысқа қабылданып, шын мәнінде еңбек қызметін нақты жүзеге асырмаған алты адамға жалақыны есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударғаны анықталған.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деп қосты Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі.

Сондай-ақ ведомство Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023406-taldyqorganda-sport-mektebinin-qyzmetkerleri-milliondagan-qarzy-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/