Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аягөз-Бақты теміржолының құрылысына қажетті жерлер белгіленді

Опубликовано:

Теміржол
Теміржол. Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысында Қытаймен теміржол тасымалын 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін теміржол құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда Аягөз-Бақты теміржол бағытының құрылысына қажетті жерлер белгіленіп, резервке қойылған. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев көшпелі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған көшпелі баспасөз мәслихатында өңір басшысы жаңадан құрылған облыстың бір жыл ішіндегі жетістіктері мен алдағы жоспары туралы баяндама жасады.

Нұрлан Ұранхаевтың сөзінше, Абай облысының аумағында салынатын теміржолдың ұзындығы 270 км құрайды. Әкімдік оның құрылысына қажетті жерлер белгіленіп қойғанын мәлім етті.

"2024-2025 жылдары көлік дәліздерін кеңейту үшін ұзындығы 270 км болатын Бақты-Аягөз теміржолының құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта теміржол трассасының сызбасын үкіметпен және Қазақстан теміржолы акционерлік қоғамымен бірлесіп жасап жатырмыз. Әкімдік теміржол салу мақсатында жерлерді белгілеп, резервке қойды", - деді Нұрлан Ұранхаев.

Сондай-ақ облыс әкімі бұл жобаны іске асыру Қытай Халық республикасымен арадағы теміржол тасымалының көлемін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Одан бөлек, Нұрлан Ұранхаев облыс орталығы Семей қаласындағы көпір құрылысы қашан аяқталатынын айтты.

"Көлік инфрастуртурасы бойынша Семей қаласындағы автомобиль көпірінің қайта қалпына келтіру жобасы іске асырылуда, жобаның аяқталуы 2025 жылға жоспарланған. Биыл оны жөндеуге 7, 2 млрд теңге бөлінді. Аспалы көпірді жапондық мамандар тексерді, оның жаңалау, жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты тиісті құжаттар әзірленуде", - деді облыс әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023418-ayagoz-baqty-temirzolynyn-qurylysyna-qazetti-zerler-belgilendi/

pixel