jitsu gif
Шоубиз

    "Білгенін істейтін болыпты": тойда ойын ойнатқан тамаданы жұрт сынап тастады

    ойын
    Той ойыны. Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

    Әлеуметтік желіде ер азаматтардың қатысуымен өткен тойдағы ойынның видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті.

    Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

    Кадрдан ер азаматтардың қатысуымен тойда ойын болғанын аңғару қиын емес.

    Роликте жігіттердің жерге жатып алып, ақшаны үрлеп, жарысқаны да көрінеді.

    Бұны тамашалаған желі оқырмандары ойынның той мәдениетіне сай келмейтінін жарыса жазды.

    "Бұндай ойындар тойда ойнатылмау керек", "Той ән мен жырдың, әдемі бидің, жақсы сөздің, жақсы тілектің орны. Тамадаларға осындай ойын ойнатып, артық кетуге болмайды", "Ойынға қатысқан жігіттерді де қолдамаймын. Тамаданың айтқанын істеу бермеу керек", "Ұят болған екен", "Жігіттер ұсақталып кетіпті", "Кейінгі кезде тойдан мәдениет кетті", "Тамадалар білгенін істейтін болған заман" "Тойда үлкен кісілер болады. Балалар отырады. Соны біле тұра осындай ойнату ұяттан безгендік", - деді олар.

    "Білгенін істейтін болыпты": тойда ойын ойнатқан тамаданы жұрт сынап тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.