Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландта суға батып кеткен қазақстандықтың туыстары денесін елге әкелу үшін көптен көмек сұрады

Опубликовано:

Жағалау
Жағажай. Көрнекі фото: pixabay.com

Таиландта қайтыс болған қазақстандықтың туыстары оның денесін елге жеткізу үшін көптен көмек сұрады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, марқұмның денесін отбасы өз қаражаты есебінен тасымалдауы қажет, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Артур Ысқақовтың денесін елге жеткізу үшін оның отбасы 15 млн долларға жуық қаражат жинауы керек. Бұл ретте туристік сақтандыру барлық шығынды өтемейді.

"Шығын сақтандыру сомасынан асып кетті: ол емханадағы шығындарды өтейді, денесін елге жеткізу шығындарын жаппайды. Осыған байланысты, құрметті қазақстандықтар, сіздерден біздің Артурды отанына әкеліп, жерлеуін өткізуге көмектесуді сұраймыз", - дейді марқұмның әпкесі.

Телеарна ақпаратынша, Сыртқы істер министрлігі марқұмды елге туыстары өз қаражаты есебінен жеткізуге тиіс екенін мәлімдеген.

"Бұл соңғы аптадағы екінші жағдай. 3 маусымда сол жағажайда біздің тағы бір азаматымыз көз жұмды. Тыйым салынғанына қарамастан, суға түсіп, үлкен толқынның астында қалған.

Таиланд полициясы мен құтқарушыларының мәліметінше, мұндай әрекеттерге негізінен ТМД елдерінен келген туристер барады – статистика жыл сайын өсіп келеді.

Сондықтан біз өз азаматтарымыздан барған елдің барлық талабын, заңдары мен ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Егер суға түсуге тыйым салынған болса, демек бұл шомылуға тыйым салынған деген сөз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Марқұм Артур Ысқақовтың отбасының банктік реквизиттері:

Halyk: 4405639799511603

Kaspi: 4400430162139841

Forte bank: 4042438700451804

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023493-tailanda-qazaqstandyq-suga-batyp-ketti-marqumnyn-tuystary-denesin-elge-akelu-usin-aqsa-zinauda/