Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қонақ үйді үшінші тұлғаларға жазуға мәжбүрлеген": Антикор Мұхамедиұлының ісі бойынша тараған ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: primeminister.kz

Сыбайлас жемоқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамадиұлына қатысты іс бойынша тараған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, кейбір БАҚ-пен әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің "Дипломат" қонақ үйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлегені туралы ақпарат пен бейнеролик тараған.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып отыр. Бұл іске оның қатысы бары жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар агенттік тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залал ішінара өтелгенін атап өтті.

Сондай-ақ Антикор қазіргі уақытта "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікке ілінген Мұхамедиұлының өзіне қатысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталғанын да мәлім етті.

"Осыған байланысты Мұхамедиұлы тарапынан аталған мән-жайлар бойынша сот пен жұртшылықты адастыру жолымен жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған ақпарат берілген. Жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешіліп жатыр", - деп қосты ведомстводан.

Осы орайда Сыбайлас жемоқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаматтарды тек ресми көздерден алынған объективті деректерге сенуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023505-qonaq-uidi-usinsi-tulgalarga-qaita-zazuga-mazburlegen-antikor-muxamediulynyn-isi-boiynsa-taragan-aqparatty-zoqqa-sygardy/