Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздарға өмірін жеңілдетуге уәде берген": Алматыда "элиталық эскортшылар" желісінің ұйымдастырушысы болуы мүмкін ару ұсталды

Опубликовано:

Жастық және туфли киген қыздың аяғы
Туфли. Көрнекі фото: pexels.com

Полиция әлуеметтік желілердегі жабық парақшаларды анықтады. Ол арқылы Алматыда жеке секс-кештері ұйымдастырылған, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

"Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі жабық топтарды анықтады. Олар арқылы Алматы қаласында қалталы ер адамдар үшін интимдік және эскорт-сүйемелдеу қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен жеке секс-кештер ұйымдастырылған", - деп жазады ақпараттық медиа-портал.

Басылымның мәліметінше, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері көліктегі полиция департаментінің ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, сол топтардың ұйымдастырушысы әрі әкімшісі болуы мүмкін деген күдікпен 25 жастағы алматылық қызды ұстаған.

Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысты деген күдікке ілінген.

"Ол қыздарға "демеушілерді" табуға, әлемді көруге және өмірін жеңілдетуге уәде берген", - деп жазады ақпараттық медиа-портал.

Сондай-ақ басылым дерегінше, Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп, деректерді талдау нәтижесінде күдіктінің 2022 жылғы қаражат айналымы 209 млн теңгеден астам соманы құрағаны анықталған.

"Секс-бизнесті ұйымдастырушы өз қызметін жасыруға тырысқан. Өзін Instagram әлеуметтік желісінде 100 мыңнан астам оқырманы бар табысты модель әрі блогер ретінде көрсеткен. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген", - деп жазады ақпараттық медиа-портал.

Тінту барысында күдіктіден қылмыстық "бизнес" туралы жазбалары бар күнделік, жаңа және сатып алынатын жылжымайтын мүлікке құжаттар, ақ түсті ұнтақ заттың қалдықтары бар қалта айнасы, оралған ақша (болжам бойынша есірткі заттарын тұтынуға арналған), Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы автокөліктері, сондай-ақ салмағы 1,72 грамм болатын "мефедрон" табылып, тәркіленген.

Ақпараттық порталдың хабарлауынша, күдіктімен бірге жезөкшелікпен айналысу үшін аталмыш жабық топтардың мүшелері болуы мүмкін қыздар да полиция бөліміне жеткізілген.

Сонымен қатар басылым қазіргі таңда аталған фактіге қатысты прокуратура келісімі бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабы ("Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық") және 297-бабымен ("Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын жазды.

Күдікті қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023510-bai-klientterdi-tartumen-ainalysqan-policiya-elitalyq-eskortsylar-zelisinin-uiymdastyrusysy-ustalganyn-xabarlady/