Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ басшылығына азаптауды қолдануға бейім қызметкерлерді алдын ала анықтау ұсынылды

Опубликовано:

Полицейлер
Полицейлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігінің басшылығына психологиялық тестілеу өткізу арқылы азаптауды қолдануға бейім қызметкерлерді алдын ала анықтау ұсынылғанын мәлімдеді. Бұл туралы құзырлы орган ресми сайтында хабарлады.

"Азаптаудың алдын алу бойынша маңызды қадамдардың бірі полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында үздіксіз бейнебақылауды енгізу болып табылады.

Бас прокуратура полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде бейнекамералармен қамтылмаған 5812 учаске мен үй-жайлар және 900 жұмыс істемей тұрған камера анықтады.

Прокуратураның ұсынысы бойынша "Көрінбейтін аймақтарды" болдырмау үшін 3783 қосымша бейнекамера орнатылды. Ғимараттарды толық жарақтандыруды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда", - деп хабардар етті Бас прокуратурадан.

Бұдан бөлек құзырлы орган аумақтық полиция департаменттерінің, ҚАЖК және ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта 88 азаматқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін күштік органдарының 39 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр", - делінген хабарламада.

Осы орайда Бас прокуратура тарапынан ІІМ басшылығына психологиялық тестілеу өткізу арқылы азаптауды қолдануға бейім қызметкерлерді алдын ала анықтау ұсынылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023539-iim-bassylygyna-azaptaudy-qoldanuga-beiim-qyzmetkerlerdi-aldyn-ala-anyqtau-usynyldy/