Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сатушыны пышақпен қорқытқан": Ақтөбеде дүкенге қарақшылық шабуыл жасады (видео)

Опубликовано:

Дүкен тонап жатқан ер адам
Ақтөбеде дүкен тонаған ер адам ұсталды. Видеодан кадр: polisia.kz

Ақтөбелік полицейлер автокөлік бөлшектері дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 30 мамырда Жедел басқару орталығының "102" нөміріне автокөлік бөлшектерін сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Сатушының айтуынша, дүкенге белгісіз адам басып кіріп, оны пышақпен қорқытып, 15 мың теңгені алып кеткен.

"Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен облыстың 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Полиция осы факті негізінде Қылмыстық Кодекстің 192-бабы 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023571-satusyny-pysaqpen-qorqytqan-aqtobede-dukenge-qaraqsylyq-sabuyl-zasady-video/