Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр қырыққабат пен сәбіздің неге қымбат екенін түсіндірді

Опубликовано:

Ақша және көкөністер
Қоржындағы ақша және көкөністер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қырыққабат пен сәбіздің қымбаттауына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, БАҚ өкілі Ауыл шаруашылығы министрінен бағаны тұрақтандыру шараларына қарамастан, қырыққабат пен сәбіздің неге қымбаттап кеткенін сұраған.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бұған қоймадағы былтырғы өнімнің біте бастауы себеп болған.

"Маусымда былтырғы жылдың қоры бітеді де, балғын өнімдер әкелінеді. Ерте пісетін көкөністер сәл қымбатырақ болып жатыр. Көкөніс оңтүстік өңірлер мен іргелес мемлекеттерден келіп жатыр. Біз көкөніс сақтайтын қоймалардың санын арттыру жоспарын қайта қарап жатырмыз. Былтыр біз 2021-2022 жылдардың жоспарын 110 пайыз артығымен орындадық. Биыл да арттыруды жоспарлап отырмыз", - дейді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы көкөніс қоймасын салуға берілетін субсидия көлемі көбейтінін де атап өткен.

"Көлемі 100 мың тоннадан асатын көкөніс қоймасын саламыз. Біз субсидиялау ережесін өзгертеміз. Бұрын көкөніс қоймасын салуға кеткен шығыннын 25 пайыз субидияланса, қазір бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін жеткіземіз. Егер қоймада тоңазыту қондырғылары, іштегі газды реттеу жүйесі бар болса, 50 пайызына дейін субсидияланады", - дейді Ербол Қарашөкеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023577-ministr-qyryqqabat-pen-sabizdin-nege-qymbat-ekenin-tusindirdi/