Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлықтан 17 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері
Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері. Фото: Polisia.kz

Қостанай қаласында тұрғыннан 17 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінген азамат ұсталды. Бұл туралы ІІМ ресми Polisia.kz медиа порталында хабарлады.

"Ер адам полицияға жүгініп, алты ай ішінде одан тұрақты негізде ақша бопсаланғаны жайлы хабарлады", – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Қостанай облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаушыны анықтаған. Күдікке бұрын істі болған 29 жастағы азамат ілінген.

"Тергеу барысында оның 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында күш қолданып, қорқытып жәбірленушіге тиесілі 17 млн теңгесін иемденгені анықталды", – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Бүгінде күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

"Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", деп жазады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023592-qostanailyqtan-17-mln-tenge-bopsalady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/