ТЖД алматылықтарды аптап ыстыққа байланысты серуендеуден бас тартуға шақырды
Жарияланған күні:
Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына 7-9 маусым аралығында болатын аптап ыстыққа байланысты серуендеуден бас тартуға кеңес берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Алматы қаласының ТЖД дауылдық ескертуіне сәйкес 7-9 маусым күндері қалада 35-37 градус аптап ыстық болады деп мәлімдейді", – делінген хабарламада.
Қалалық ТЖД оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын күннің ыстығы соқпас үшін серуендеуден бас тартуға шақырды.
Сонымен қатар ведомство негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынды:
- мүмкіндігінше тікелей күн сәулесінің астында болмауға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12.00-ден 16.00-ге дейін күннің ең белсенді уақыты;
- жабық киім мен күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз;
- алкоголь ішпеңіз, ыстық күнде оның ағзаға әсері бірнеше есе артады;
- мүмкіндігінше сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) көбірек тұтынуға тырысыңыз;
- физикалық белсенділікті азайтыңыз. Ыстық кездегі ауыр жүктеме жылу алмасуды арттырады, бұл ағзаның сусыздануына әкелуі мүмкін;
- мүмкіндігінше автомобильмен ұзақ сапарларға шығуды шектеу керек, егер мұндай мүмкіндік болмаса, жолда барынша мұқият болыңыз. Өйткені ыстық кезде адамның жағдайы нашарлауы мүмкін, адамның назары жан жаққа ауып, реакция төмендеуі мүмкін;
- балаларды қысқа уақытқа болсын тоқтап тұрған көліктің салонында қалдырмаңыз. Күн ыстықта бұл баланың есінен танып қалуына әкелуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023610-tzd-almatylyqtardy-aptap-ystyqqa-bailanysty-seruendeuden-bas-tartuga-saqyrdy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.