Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД алматылықтарды аптап ыстыққа байланысты серуендеуден бас тартуға шақырды

Опубликовано:

Күн
Аптап ыстық. Көрнекі фото: Рixabay.com

Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына 7-9 маусым аралығында болатын аптап ыстыққа байланысты серуендеуден бас тартуға кеңес берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алматы қаласының ТЖД дауылдық ескертуіне сәйкес 7-9 маусым күндері қалада 35-37 градус аптап ыстық болады деп мәлімдейді", – делінген хабарламада.

Қалалық ТЖД оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын күннің ыстығы соқпас үшін серуендеуден бас тартуға шақырды.

Сонымен қатар ведомство негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынды:

  • мүмкіндігінше тікелей күн сәулесінің астында болмауға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12.00-ден 16.00-ге дейін күннің ең белсенді уақыты;
  • жабық киім мен күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз;
  • алкоголь ішпеңіз, ыстық күнде оның ағзаға әсері бірнеше есе артады;
  • мүмкіндігінше сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) көбірек тұтынуға тырысыңыз;
  • физикалық белсенділікті азайтыңыз. Ыстық кездегі ауыр жүктеме жылу алмасуды арттырады, бұл ағзаның сусыздануына әкелуі мүмкін;
  • мүмкіндігінше автомобильмен ұзақ сапарларға шығуды шектеу керек, егер мұндай мүмкіндік болмаса, жолда барынша мұқият болыңыз. Өйткені ыстық кезде адамның жағдайы нашарлауы мүмкін, адамның назары жан жаққа ауып, реакция төмендеуі мүмкін;
  • балаларды қысқа уақытқа болсын тоқтап тұрған көліктің салонында қалдырмаңыз. Күн ыстықта бұл баланың есінен танып қалуына әкелуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023610-tzd-almatylyqtardy-aptap-ystyqqa-bailanysty-seruendeuden-bas-tartuga-saqyrdy/