jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Әділет министрлігі Назарбаевты қандай заң қорғайтынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова бүгін сенатта журналистерге "ҚР тұңғыш президенті – Елбасы туралы" заңның күші жойылғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаевты қандай заң қорғайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әділет вице-министрі түсіндіргендей, Қазақстанда Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау жоспарлануда, өйткені бұған дейін Тұңғыш президент туралы заң өз күшін жойған болатын.

Мұқанова Қазақстанда әр азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиеті заңмен қорғалатынын атап өтті.

Алайда Елбасы туралы заңның күшінің жойылғанына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаевты барлық қазақстандық үшін ортақ заңдардан басқа, тағы бір заң қорғайтын болады.

"Президент туралы заң аясында бөлек қорғайтын заң бар. Егер сіз таныс болсаңыз, "экс-президент" бабы бар – бұл бап барлық кейінгі президентке де қатысты. Осы баптың шеңберінде барлық экс-президентке тиесілі құқық оған да (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) беріледі", – деді Мұқанова.

Ол сондай-ақ Тұңғыш президентті біреу қорлаған жағдайда әрекет ететін механизм туралы айтты.

"Кез келген лауазымдағы кез келген адам, егер оған қатысты қорлау сөз айтылған болса, ол өтініш жазуға құқылы. Ол адамның лауазымда отырған, отырмағанына байланысты емес.

Бұл дегеніміз сол іс-әрекет ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіре ме, жоқ па деген мәселе", – деп қосты вице-министр.

Әділет министрлігі Назарбаевты қандай заң қорғайтынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.