jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Жетісу облысының тауларында жоғалып кеткен тиктокер іздестірілуде

Дамир Кушеев
Дамир Кушеев. Фото: Жетісу облысының полиция департаменті

Жетісу облысы Текелі қаласының маңындағы тауларда жоғалып кеткен 36 жастағы алматылық Дамир Кушеев іздестірілуде. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Полиция мәліметінше, Дамир Кушеев 7 маусым күні Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барып, соңғы рет бөгеттің жанында тұрып эфирге шыққан. Сондай-ақ ол сол жерде жергілікті қорықшыдан шай ішіп, дәм ауыз тиген.

Кейін қайта байланысқа шықпаған соң Дамирдің жұбайы оны табуға көмек сұрап Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кіріскен.

Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД қызметкерлері және кинологтар арнайы іздеуге жаттықтырылған иттермен бірге ер адамды іздеуде.

Айта кетейік, Дамир Кушеев – Алматы қаласының тұрғыны. Ол түрлі көрікті жерлерге велосипедпен баруды ұнатады. TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы бар. Ол жерде Дамир бейнежазбаларын жариялап тұрады.

Дамир Ескелді ауданында туыстарында қонып шыққан.

Полиция жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы кез келген ақпарат болған жағдайда мына телефон нөмірлері арқылы хабарлауды сұрайды: 8 747 558 1508; 708 252 2008; 102 немесе 112.

Жетісу облысының тауларында жоғалып кеткен тиктокер іздестірілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.