Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" ықшамауданынан "Райымбек" метро станциясына дейін: Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Автобустар
Автобустар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде қалада жаңа автобус бағыты пайда болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қоғамдық көлікті дамыту - біз үшін басты басым бағыттардың бірі. Аудан тұрғындарының өтінішімен биыл №50, 10, 227 бағыттар бойынша 45 автобус жаңартылды", - деді әкім.

Сондай-ақ Ерболат Досаев №12 бағыттағы маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылып, "Қайрат" ықшамауданынан "Райымбек" метро станциясына дейін жаңа автобус бағытын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Аталған бағыт бойынша сегіз автобус жүреді.

Еске салайық, бұған дейін наурызда Алматыда №43 автобус бағыты іске қосылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023920-qairat-yqsamaudanynan-raiymbek-metro-stanciyasyna-deiin-almatyda-zana-avtobus-bagyty-paida-bolady/