jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Жетісу облысының тауларында жоғалып кеткен алматылық тиктокер табылды

Дамир Кушеев
Дамир Кушеев. Фото: Жетісу облысының полиция департаменті

Жетісу облысы Текелі қаласының маңындағы тауларда жоғалып кеткен 36 жастағы алматылық Дамир Кушеев табылды. Бұл туралы бүгін Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жоғалған алматылық тиктокерді ТЖД қызметкерлері Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерден тапты. Тірі, аман-есен. Құтқарушылар тобымен бірге таудан түсіп келеді. Медициналық көмекке мұқтаж емес", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Дамир Кушеев 7 маусым күні Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барып, соңғы рет бөгеттің жанында тұрып эфирге шыққан.

Кейін қайта байланысқа шықпаған соң Дамирдің жұбайы оны табуға көмек сұрап Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінген.

Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кіріскен.

Дамир Кушеев – Алматы қаласының тұрғыны. Ол түрлі көрікті жерлерге велосипедпен баруды ұнатады. TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы да бар. Ол жерде Дамир бейнежазбаларын жариялап тұрады.

Жетісу облысының тауларында жоғалып кеткен алматылық тиктокер табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.