Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында ірі өрт: 14 орман шаруашылығы қызметкерімен байланыс үзілген

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші Абай облысындағы орман өртін сөндіруде
Абай облысындағы өрт. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысында табиғи өрт өршіп тұр. Белгілі болғандай қазіргі таңда орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзілген. Оларды іздеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлметінше, 9 маусымда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Ахуалдық орталығының базасында жедел республикалық штаб отырысын өткізген.

Отырыс барысында оқиға орнынан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіковтің баяндама жасаған.

9 маусым күні сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылған.

Авиациялық техникамен өртті сөндіру үшін 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылған.

Сондай-ақ үкіметтің баспасөз қызметі қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілгенін, оларды іздеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек отырыста қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өңірге Астана қаласы және Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша 133 адам және 48 техника, сондай-ақ 4 тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданған.

Еске сала кетсек, 8 маусымда Абай облысындағы Батпаев орман шаруашылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған болатын. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру жұмыстары алты учаскеде жүріп жатқанын, өрттің ауданы шамамен 30 мың гектарды құрайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024150-abai-oblysynda-iri-ort-14-orman-saruasylygy-qyzmetkerimen-bailanys-uzilgen/