Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен әскери техникасы Абай облысындағы өртті сөндіруге тартылды

Жарияланған күні:

Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен әскери техникасы Абай облысындағы өртті сөндіруге тартылды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Республикалық жедел штабына "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері енгізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дағдарыс ауданына Қарулы күштер бөлімшелерінің іс-қимылын үйлестіру және басқа ведомстволармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов келді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаевтың апат аймағында атқарылған іс-шаралар туралы баяндамасын тыңдады.

Қорғаныс министрлігі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Жеке құрам арасында шығынға жол бермеу үшін барлық қауіпсіздік шараларын қарастыру қажет", – деп тапсырды қорғаныс ведомствосының басшысы.

Қазіргі уақытта өртке қарсы іс-шараларға 300-ден астам әскери қызметші қатысуда. Бұдан өзге "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 30 арнайы әскери техникасы тартылған.

Фото
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта дағдарыс ауданына жөнелтуге Аягөз гарнизонының 500-ден астам әскери қызметшісі және 30 техникасы дайын. Сондай-ақ 200 адамнан тұратын резерв құрылды.

Әуеден өртті сөндіруге армиялық авиацияның бес Ми-17, Ми-17Ш тікұшағы жұмылдырылды. Ұшу экипаждары өрт ошақтарына 400 тоннадан астам су төкті.

Фото
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскери қызметшілер қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, оларды тамақтандыру және демалу үшін орналастыру ұйымдастырылған.

ҚР Қарулы күштері өртті оқшаулау және жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024226-qaruly-kusterdin-askeri-qyzmetsileri-men-askeri-texnikasy-abai-oblysyndagy-ortti-sondiruge-tartyldy/