Абай облысындағы орман өрті: тағы 11 адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Абай облысындағы орман өрті салдарынан жоғалып кеткен орманшының денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында хабарлады.
Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 қаза тапқан адамның денесі табылған. Қаза тапқандардың жеке басы анықталуда.
Айта кетсек, бұған дейін жоғалған Орман шаруашылығы үш қызметкерінің өлі денесі табылған болатын. Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
Еске сала кетсек, 8 маусымда Абай облысындағы Батпаев орман шаруашылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған болатын.
Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру жұмыстары алты учаскеде жүріп жатқанын, өрттің ауданы шамамен 60 мың гектарды құрайтынын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024229-abai-oblysyndagy-orman-ortinen-qaza-tapqandar-sany-adamga-zetti/