jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Абай облысындағы орман өрті: Тоқаев кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылатынын мәлім етті

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртке кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылатынын мәлім етті, деп хабарлайды "Ақорда" Telegram арнасы.

"Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін (12 маусым - ред.) еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым.

Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз.

Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған. Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Абай облысында өрт кезінде қаза тапқан қызметкерлер отбасына көңіл айтты.

Абай облысындағы орман өрті: Тоқаев кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылатынын мәлім етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.