jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Абай облысындағы өрт: президент қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады. Мемлекет басшысы зардап шеккен отбасыларға жеке жәрдемақы тағайындалатынын атап өтті, деп хабарлайды "Ақорда" Telegram арнасы.

"Мен сіздерге көңіл айту үшін арнайы келдім. Екіншіден, жан-жақты көмек көрсетілетінін айтуға келдім. Қаржылай да, басқа да көмек көрсетіледі. Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады – бәрі орындалады. Мен, әрине, сіздермен біргемін. Сіздер – еліміздің азаматысыздар.

Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады. Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ. Тағы да айтамын. Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы зардап шеккен отбасыларға жеке жәрдемақы тағайындалатынын да атап өтті.

"Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады. Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін.

Түсінемін, сіз күйеуіңізден, асыраушыңыздан айырылдыңыз. Бала қалды. Сондықтан көмектесемін деп айттым. Жағдай шынымен де күрделі. Мен бәрін түсінемін. Мен басқа планетада тұрмаймын ғой. Мен сіздермен біргемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Абай облысындағы өрт: президент қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.