Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қор ашылды
Жарияланған күні:
Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қайырымдылық қоры ашылды. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Қорға түскен барлық қаражат Абай облысындағы ірі өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде жұмсалады", – делінген әкімдік хабарламасында.
Көмекті төмендегі реквизиттер арқылы көрсетуге болады:
- "Ақ Ертіс" Қоғамдық қоры
- БСН 220 840 037 964
- Арнайы банк шоты ЖСК
- KZ80601A261001216131
- "Қазақстан Халық Банкі" АҚ
- БСК HSBKKZKX
- Кбе 18
Еске сала кетсек, Абай облысындағы орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстанда 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Орман өртінен 14 адам қаза тапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024325-abai-oblysynda-ortten-zardap-sekkenderge-qarazat-zinau-usin-arnaiy-sot-asyldy/