jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Абай облысындағы өрт кезінде жоғалған ер адамның тракторы табылды (фото)

Абай облысында жоғалған тұрғынның тракторы
Абай облысында жоғалған тұрғынның тракторы табылды. Фото: instagram.com/abai_department_police

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған тұрғын Сергей Архиповтың тракторын тапты. Куәгерлер соңғы рет оны трактор айдап бара жатқанда көрген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық Полиция департаментінң Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды

Өртті сөндіруге көмектескен 1987 жылы туған Абай облысының тұрғыны екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Соңғы рет ол 10 маусымда хабарласқан.

Бір күн бұрын полиция қызметкерлері Сергей Николаевичтің тракторын орманннан тауып алған. Трактор Бородулиха ауданы, Дмитриевка ауылынан бес километр, тас жолдан бір километр жердегі аумақтан табылған. Полицейлер трактордың жағдайы жақсы екенін атап өтті.

Тәртіп сақшылары Сергей Архиповтың жүрген жерін анықтап, іздестіру шараларын жалғастыруда.

Айта кетейік, осыған дейін өртті сөндіруге атсалысқан Абай облысының тұрғынының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік.

Абай облысындағы өрт кезінде жоғалған ер адамның тракторы табылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.