Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының өліміне не себеп болғаны анықталды
Жарияланған күні:
Бірнеше күн бұрын жоғалып кетіп, 13 маусымда өлі күйінде табылған Абай облысындағы орман шаруашылығы тракторшысы Сергей Архиповтың өліміне не себеп болғаны анықталды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.
Құзырлы органның мәліметінше, ер адамның зорлық-зомбылықтан қайтыс болғанын, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғанын көрсететін белгілер табылмаған.
"Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия салдарынан болғаны анықталды", - делінген ІІМ хабарламасында.
Естеріңізге сала кетсек, Абай облысында өрте кезінде жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Архиповтың денесі қызметтік иттің көмегімен өрт сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылған еді.
Оның алдында Абай облысының полицейлері марқұмның тракторын тапқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024657-abai-oblysyndagy-ort-kezinde-zogalyp-ketken-traktorsynyn-olimine-ne-sebep-bolgany-anyqtaldy/