Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы ауруханаларының бірінде АИТВ-инфекциясын жұқтырған үш науқас анықталды

Жарияланған күні:

Анализі бар пробирканы ұстап отырған дәрігер
Мейірбике. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ-инфекциясын жұқтырған үш науқас анықталды. Бүгін ақпаратты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 20.10.2020 жылғы №140 бұйрығына сәйкес, реанимация бөлімшесінде гемотрансфузия алған пациенттер 30 күннен кейін АИТВ-инфекциясына бақылау талдауынан өтуі тиіс. Алматы қаласының ЖИТС орталығының мамандары Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасында АИТВ расталған үш жағдайды анықтады", – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, анықталған фактілер негізінде 2 маусымда ҚДБ басшысының орынбасары мен ЖИТС орталығы қызметкерлерінің төрағалығымен комиссия құрылған.

Комиссия АИТВ-инфекциясының берілу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізген, яғни донорлар, медицина қызметкерлері және байланыс тұлғалары тексерілген. Нәтижесінде комиссия тексерілгендердің барлығы теріс нәтиже бергенін растады.

"Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы биылғы 13 маусымда комиссия қорытындысын Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тапсырды. 2023 жылдың 14 маусымында СЭБД ДСМ Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарын тарта отырып, ОКА жоспардан тыс тексеруге бастамашы болды", - деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомствода тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024762-almaty-auruxanalarynyn-birinde-aitv-infekciyasyn-zuqtyrgan-us-nauqas-anyqtaldy/