jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Оралда жол қозғалысын газетпен реттеген кім: видеоға қатысты полиция пікір білдірді (видео)

Жол қозғалысын реттеген еңбек демалысындағы ІІМ қызметкері
Жол қозғалысын реттеген еңбек демалысындағы ІІМ қызметкері. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Оралда бағдаршамы сөніп қалған көшеде кептеліске тап болған жүргізушілерге газетпен жол көрсетіп, көмектескен ер адамның видеосы тарады. Видеоға қатысты құқық қорғау органдары пікір білдірді, деп хабарлайды, ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында.

Медиа-порталдың мәліметінше, қазнетте қолына газет алып, жол қиылысында тұрып қалған көліктерге бағыт-бағдар берген ер адамның видеосы тарады.

Ведомство сол кезде Орал қаласында жарық сөніп, қаланың кей бөліктерінде бағдаршамдар жұмыс істемей қалғаны белгілі болғанын атап өтті.

ІІМ дерегінше, бағдаршамы сөніп қалған көшеде кептеліске тап болған жүргізушілерге газетпен еңбек демалысындағы полиция қызметкері жол көрсеткен.

"Сағат 16:15 шамасында Әбілқайырхан даңғылы мен Сырым Датұлы көшесінің қиылысында жол кептелісі болып, автокөліктердің жүруі қиындаған. Осы уақытта кептеліске тап болған полиция қызметкері Руслан Жексенов автокөлігін тұраққа қойып, қолына іліккен газетті арнайы таяқша орнына қолданып, бағыт-бағдар жасады", - делінген хабарламада.

Жолаушылар мен жүргізушілер осы сәтті бейнекамераға түсіріп, алғысын білдіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Басылымның жазуынша, полиция қызметкері Руслан Жексенов қазіргі уақытта кезекті еңбек демалысында бола тұра, орын алған кептеліске бей-жай қарамай, жүргізушілерге көмектескен.

Оралда жол қозғалысын газетпен реттеген кім: видеоға қатысты полиция пікір білдірді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.