Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Осындай ойын болды": Астанада Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты сот процесі басталды

Жарияланған күні:

Кентау әкімі
Рашид Аюпов. Фото: Instagram/the_rashid_ayupov

Астанада Түркістан және Кентау қалаларының бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты сот отырысы басталды. Бүгінгі сот процесіне ол 2022 жылдың қазан айынан бері қамауда отырған тергеу изоляторынан онлайн режимде қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің жазуынша, сот отырысында Рашид Аюпов денсаулығына байланысты оңалуға уақыт беруін, сондай-ақ сот процесіне сот залынан қатысуға мүмкіндік беруін сұраған.

Ол сонымен қатар сот отырысына журналистердің қатысуына және материалдарды жариялауға тыйым салуды талап еткен.

Бұрынғы әкімнің айтуынша, тергеу органы оны алаяқ, пара беруші деп көрсететін БАҚ беттеріндегі жарияланымдардың кесірінен оның балалары, туыстары, 80 жастағы әкесі психологиялық күйзеліске ұшыраған.

"Мен бұған қарсымын, өйткені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің арызданушының ақшасын кейбір блогерлерге бергеніне куә болдым. Кейбір блогерлер бас тартты, бірақ соған қарамастан осындай ойын жүріп жатты. БАҚ-ты сот залынан шығарып, онлайн қатысудан ажыратуды сұраймын. Біз өзіміз ақпарат береміз", – деді Рашид Аюпов.

Бұған судья Қажымұхан Мекемтас сот процесі ашық болғандықтан БАҚ өкілдері кез келген азамат сияқты сотқа қатысуға құқылы екенін айтып, жауап берген.

"Егер сіздің құқықтарыңыз қандай да бір жолмен бұзылса немесе басқа да негіздер болса, сіз белгілі бір БАҚ-ты сотқа қатыстырмау туралы арыз беруге құқылысыз", – деп түсіндірді судья.

Айта кетейік, Рашид Аюповтың Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отырғаны, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны биыл науыз айының соңында белгілі болған еді.

Сол кезде оның 2022 жылдың 17 қазанынан бастап Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №64 тергеу изоляторында қамауда отырғаны айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024901-osyndai-oiyn-boldy-astanada-turkistannyn-buryngy-akimi-rasid-ayupovqa-qatysty-sot-bastaldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif