Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан және Кентау қалаларының бұрынғы әкімі Рашид Аюпов тергеу изоляторында отыр

Опубликовано:

Рашид Аюпов
Рашид Аюпов. Фото: Facebook.com/rashid.ayupov

Түркістан және Кентау қалаларының бұрынғы әкімі Рашид Аюпов Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ақпаратты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады деп, хабарлайды Қазақпарат.

Ведомствоның ақпараты бойынша, Рашид Аюпов 2022 жылдың 17 қазанынан бастап Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №64 тергеу изоляторында қамауда отыр.

"Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігі, 312-бабы 5-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ ҚАЖК тергеу изоляторларында қамауда отырған адамдардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтары мен міндеттері барын, сонымен қатар олардың мекеме кітапханасынан кітап алуға, адвокаттармен, қоғамдық қорғаушылармен және туыстарымен кездесуге мүмкіндігі барын атап өтті.

Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. 2009 - 2015 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, одан кейін – қаржылық-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің бас кеңесшісі, премьер-министр кеңсесінің басшысы хатшылығының бас кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2015 жылы Шымкент қаласы әкімі аппаратының меңгерушісі, 2017-2018 жылдар аралығында "Нұр Отан" партиясының ақпараттық технологиялар орталығының басшысы, 2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі болған.

2019 жылғы шілдеден 2021 жылға дейін Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарды. Кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды. 2022 жылдың наурыз айында Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014929-turkistan-zane-kentau-qalalarynyn-buryngy-akimi-rasid-ayupov-tergeu-izolyatorynda-otyr/